Зеленскийдің тосын сапары: Украина президенті Парсы шығанағы елдеріне не көздеп барды?

Сағыныш Сардарова 27 нау. 2026 13:47

Украина президенті Владимир Зеленский Парсы шығанағы елдеріне тосын сапармен барды. Дереккөздердің мәліметінше, сапардың басты мақсаты - қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейту, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшылардың сөзінше, Киев бұл елдерге дрондарға қарсы күресте жинаған тәжірибесін ұсынып, оның орнына әскери қолдау алуға мүдделі.

Украина бұған дейін аймақ елдеріне, соның ішінде Сауд Арабиясына 200-ден аса әскери сарапшы жіберген еді. Олар маңызды инфрақұрылымды ықтимал шабуылдардан қорғау мәселесі бойынша кеңес беріп жатыр.

Алдағы уақытта Украина мен Сауд Арабиясы арасында әуе қауіпсіздігі туралы келісімге қол қойылуы да мүмкін.

Дереккөздердің мәліметінше, Киев соғыс барысында жинаған тәжірибесін пайдаланып, жоғары жылдамдықтағы баллистикалық зымырандарға қарсы америкалық қару-жарақ жеткізуге қол жеткізуді көздейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove