Иранда жеморлық пен экономикалық қылмыстар үшін айыпталған миллиардер Бабак Занджани өлім жазасына кесілді.
Жексенбі күні Иран әділет органдары елдегі ең бай адамдардың бірі мен оның ісіне қатысты екі адамның үстінен шыққан үкімді жария етті. Занджани сонымен бірге мемлекетке келтірген залалын өтеуі тиіс. Сотталғандар үкімге шағымдана алады.
15 миллиард доллары бар Бабак Занджани әлемдегі ең бай ирандықтың бірі боп табылады. Былтыр 30 желтоқсанда алаяқтық жасады деген күдікпен атақты тегерандық «Эвин» түрмесіне жабылды. Бір айыптау бойынша Иранның ұлттық компаниясына 2 миллиард 460 миллион еуро төледі делінген Тәжікстанның Ұлттық банкінің хатын қолдан жасағаны туралы айтылады. Алайда Иранның Орталық банкі мен мұнай министрлігі бұл соманы алмағандарын айтады.Тәжікстанның Ұлттық банкі де мұндай құжаттың жалғандығын мәлімдеді.
Бабак Занджаниды Тәжікстандағы бірқатар ірі корпорацияның негізін қалаушы әрі иесі ретінде атайды. 2013 жылдың наурызында «Asian Express» жаңа автбус терминалын ашқанда Занджанидың жаында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тұрған еді.
2012 жылы АҚШ пен Еуропа Одағы Бабак Занджаниды санкцияны заңсыз айналып жұмыс істейтіндердің қара тізіміне қосқан еді.