Иранда ұлттық валютаның күрт құнсыздануы мен инфляцияның өсуіне байланысты елдің бірнеше өңірінде жаппай наразылықтар өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Халықаралық деректерге сәйкес, риал рекордтық деңгейде арзандап, инфляция 40%-дан асқан. Азық-түлік бағасы соңғы бір жылда 70%-ға дейін көтерілген.
Наразылықтар ірі қалалардан басталып, кейін басқа аймақтарға тараған. Акцияларға студенттер, базар қызметкерлері және тұрғындар қатысқан. Кей жерлерде қақтығыстар болғаны хабарланды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар екені айтылғанымен, ресми дерек әлі жарияланған жоқ. Билік жағдай бақылауда екенін мәлімдеп, ашық диалогқа дайын екенін жеткізді.
Сарапшылар бұл оқиғаларды Ирандағы кейінгі жылдардағы ең ірі әлеуметтік-экономикалық толқу деп бағалап отыр.
