Иран толық ауқымды соғысқа көшуі мүмкін екенін мәлімдеді

Сағыныш Сардарова 10 нау. 2026 09:25

Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Мусави елдің соғыс қимылдарын күшейтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, Иран салмағы шамамен бір тонна болатын оқтұмсықпен жабдықталған ауыр зымырандарды қолдануды жоспарлап отыр. Мұндай бір зымыранның өзі мықты қорғалған бункерді немесе тұтас бір тұрғын ауданды жойып жібере алады.

Шетелдік БАҚ пен дереккөз мәліметінше, шабуыл қашықтығы, қарқыны мен жиілігі де арта түспек, сонымен қатар, ең қуатты қару түрлері іске қосылады.

Израиль аумағының басым бөлігі Иранның баллистикалық зымырандарының соққы жасау аймағында тұр. Сарапшылардың мәліметінше, Тегеран қорында шамамен 2000-ға жуық осындай зымыран бар, ал ел бір ай ішінде тағы 100-ге дейін жаңа зымыран шығара алады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove