Өзбекстандағы Иран елшісі Мухаммад Али Искандари жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесуде елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Моджтаба Хаменеи Мәскеуде жүр деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, көшбасшы Иранда және жұмысын жалғастырып жатыр.
«Біздің жоғарғы көшбасшымыз тірі, аман-есен және өз міндеттерін орындап отыр. Ол халықпен бірге, қоғамды басқарып, әскерді басқарады және маңызды саяси шешімдер қабылдайды. Мен жоғарғы көшбасшы ел ішінде екенін, өзінен бұрынғы жетекшісінің саясатын жалғастырып жатқанын айта аламын», - деп елшінің сөзін Kun.uz басылымы келтіреді.
