Жақында Алматыда Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің ұйымдастыруымен XII Инновациялық Конгрессі, Инновациялық жобалар көрмесі болып өтті.
Биылғы конгресстің басты ерекшелігі ретінде агенттіктің технологиялар трансфері арқылы бизнеске қолдау көрсетуге баса көңіл бөлінгенін атап айтуға болады. Өз кезегінде Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің Басқармасының төрағасы Марат Омаров:
– Біз өтінім берушілерге қойылатын талаптарды күшейте отырып, қаржыландыру шарттарын қайта қарап шықтық. Осылайша, енді Агенттік пен өтінім берушінің арасындағы технологиялар құнын қосалқы қаржыландыру қатынасы бұған дейін көзделген 20%-да 80%-дың орнына 50%-да 50%-ды құрайтын болды және мәлімделген салады жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы туралы талап енгізілді. Сонымен қатар, үш жылдың ішіндегі жиынтық табыс жобаның құнын жабуы тиіс. Осы шарттарды талқылау барысында әртүрлі қауымдастықтар мен шолу жасаушылар тарапынан талаптар тым қатал және нарықтан грантқа сұраныс төмен болып қалады деген қорқыныш та болды. Алайда ол қорқыныш сезімі расталмады, осы жылы Агенттікке инновациялық гранттарға 200-ден астам өтінім келіп түсті, – деп түсіндірді. Алматы бизнеске бейім қала болғандықтан мұндағы кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдердің үлесі 40%-дан асады.
Бүгінде агенттіктің стратегиялық міндеттерінің бірі – технологиялық құзыреттілікті дамыту болып табылады, сондықтан конгресс әлдеқайда қолданбалы сипатта өтті.
Алғашқы рет практикалық мастер-кластар өткізілді. Осылайша, іс-шараларда Ресейдің интернет бастамаларды дамыту қоры акселераторының директоры Дмитрий Калаев сөз сөйледі, ол стартапты дамыту кезеңдері жайында және оларға қалай инвестиция салу керектігі туралы айтып берді. Қордың акселераторы – Ресейдің бизнесті жедел дамытуға арналған ең сәтті бағдарламаларының бірі, IT компаниялар соның аясында өз жобаларын жедел режимде дамытып, байланыстар табады және инвестициялар алады.
Екінші мастер-класс технологиялар трансфері мәселелеріне арналды. Бұл жерде NineSigma және Cambridge Innovation Consulting секілді алдыңғы қатарлы компаниялардың технологиялық брокерлік саласындағы өкілдері кәсіпкерлерге өздеріне қажетті озық технологияларды қалай тауып, енгізу керектігін айтып берді.
Инновациялық экожүйені дамыту секілді өзекті тақырыптар бойынша, жеке бизнес-инкубирлеу мен институтқа (инкубатор) қолдау көрсету шаралары мен венчурлық нарықты дамытуға арналған жобалардың сыни массасының рөлі туралы қызу пікірталастарды көздейтін сессиялар өткізілі, олардың барысында венчурлық қаржыландыру туралы жаңа заң жобасының тұжырымдамасы да талқыланды.
Агенттік қызметтері бағыттарының бірі – инновациялық қызметті көпшілікке танымал ету болып табылады. Аталмыш бағыттың аясында осы жылы бірінші рет MOST бизнес-инкубатормен біріге отырып, инновациялық компаниялар рейтингі жасалды, оның мақсаты инновациялық белсенділігі ең жоғары компаниялар белгілі болды. Рейтингтегі бірінші орынды Евразия тобы иеленсе, екінші орынға – «KunTech» компаниясы, үшінші орынға – «Самрұқ-Энерго» АҚ табан тіреді. Төртінші және бесінші орынды сәйкесінше «НАК «Казатомпром» АҚ мен «САПА» ЖШС бөліп алды. Алтыншы позицияны «Beeline Казахстан» компаниясы иемденіп, одан әрі рет-ретімен Tau Innovative Solutions, «ВВС Инжиниринг» ЖШС, Mercury Properties және «PolyTech Electronics» ЖШС орналасты.
Көрмеде шетелдік, сондай-ақ отандық ең қызықты инновациялық жобалар ұсынылды. Келушілерге олармен көзбен көріп танысу және технологияны ұстаушылармен байланыс орнату мүмкіншілігі берілді.
Н.ӘУБӘКІР.