АҚШ-та білім алып жүрген қазақстандық студенттер саны бір жылда 14,4%-ға артты, деп хабарлайды dalanews.kz.
IIE Open Doors 2025 есебіне сәйкес, 2023/24 оқу жылында АҚШ колледждері мен университеттерінде Қазақстаннан 2712 студент оқыса, 2024/25 оқу жылында олардың саны 3102 адамға жеткен.
Жалпы 2024/25 оқу жылында АҚШ-та 1,18 миллион шетелдік студент білім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Шетелдік студенттер саны бойынша Үндістан көш бастап тұр. Бұл елден АҚШ-та 363 мың студент оқиды. Екінші орында 266 мың студентпен Қытай орналасқан.
Посткеңестік елдер арасында АҚШ-та білім алатын студенттер саны бойынша Ресей алда келеді. 2024/25 оқу жылында бұл елден 4948 студент тіркелген. Қазақстан 3102 студентпен екінші орында тұр. Сондай-ақ АҚШ-та Украинадан – 2346, Қырғызстаннан – 1386, Әзербайжаннан – 1329, Өзбекстаннан – 1310, Грузиядан – 1040, Армениядан – 525, Түрікменстаннан – 447, Беларусьтен – 411 және Тәжікстаннан 234 студент білім алып жүр.