Қазір Қазақстанда индустриалды даму бағдарламасының үшінші кезеңі жүріп жатыр. 2025 жылға межеленген бағдарламаға халқымыз айрықша үміт артып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустриалды даму бағдарламасы осыған дейінгі қателіктерге бой алдырмай, жаңа өндіріс ошақтарын құрып, экспорттық әлеуетті арттырып, тұрақты жұмыс орындарын құру керек екенін қадап тұрып айтқан болатын.
Индустриалды даму бағдарламасының үшінші кезеңінде өндіріс көлемін арттыру, сұранысқа ие тауар түрлерін көбейту және өндіріс орындарының технологиялық дамуы мен цифрландыру саласына көшуді көздейді.
Қазақстан үшінші кезеңдегі индустриалды даму барысында Гарвард университеті айқындайтын экономикалық күрделілік индексі бойынша дүниежүзі елдері арасында 55 орынға көтерілуді көздеп отыр. Экономикалық күрделілік индексі экономикасының барлық саласы қаншалықты дамығанын айқындайтын көрсеткіш. Яғни, елдің экономикасы бір-екі салаға қарап қалмауы керек. Біздің жағдаймызда мұнай саласына экономиканың байланып қалмауын айтуға болады.
Бүгінде елімізде экономиканы әртарптандырудың маңызы зор. Қазақстанның экономикасы мұнай мен жер қазба байлықтарға тәуелділіктен құтылуы керек.
Күні кеше ғана көршіміз Ресей өздерінің территориясы арқылы Еуропаға экспортталып жатқан Қазақстан мұнай сынықты сылтау етіп, тасымалды тоқтатып тастағанына куә болдық. Осындай жағдайлар орын алған кезде ел экономикасы жапа шекпейтіндей деңгейге жетуіміз керек. Ол үшін экономикалық күрделілік индексіне жауап беретін экономиканың түрлі салаларын жеделдетіп дамытуымыз қажет.
Индустриалды даму бағдарламасының арқасында еліміздің сырт елдерге экспорттайтын тауар көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы жылдары Қазақстанның Қытай, Орталық Азия, ЕурЭС пен ЕуроОдақ елдеріне жеткізетін тауардың жалпы саны жүзден асты.
Қазіргі таңда Қазақстан мұздатылған ет, үндік еті, әйнек, мотор майларын, жүк және жолаушылар вагонын, дәрілік заттар мен түрлі қызмет түрлерін өзге елдерге ұсынып келеді. Индустриаландыру картасының арқасында Қазақстан құйма металдар, сары фосфор, ұн, мақта майын өндіретін жетекші ел ретінде әлемге таныла түсті.
Қолға алған жобалардың бәрі бірдей сәтті іске асыпғаны да белгілі. Бұл ретте шағын авиация, планшет шығару саласы тұйыққа тірелгенін мойындауымыз керек. Үкімет мұндай жобаларды дер кезінде тоқтатып, өндіріс барысын басқа бағытқа бұрып, тығырықтан шығуға күш салғанын білеміз.
Осы ретте индустриалды даму кезеңінде 4 мың шақырымды құрайтын көлік жолы, 1700 шақырым темір жол салынғанын да айта кетуіміз керек. Инфрақұрылымды дамытпай, өндірістің алға қадам баспайтыны белгілі. Осындай қадау-қадау шаруаларды назарға алатын болсақ, индустриалды даму бағдарламасы өз жемісін бере бастағанын байқауға болады. Осы қарқынды жоғалтпасақ 2025 жылға дейін экономикалық күрделілік индексі бойыша да жағдайымызды жақсара түсуі бек мүмкін. Ол үшін жатпай-тұрмай еңбек етіміз керек.