Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Елбасының үкімінде айтылды.
„Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-министрінің орынбасары етіп тағайындалсын„ делінеді Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімінде.
Биыл желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов 60 жасқа толады. Оның үш баласы бар.
Тасмағамбетов әр кездері ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Білім және мәдениет министрі де болған.
1999 жылы Атырау облысының әкімі, ал 2002 жылы ҚР Премьер-министрі де болды.
2004 жылы ҚР Президенті әкімшлігінің жетекшісі, 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласының әкімі, 2008 жылдан бастап 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі болды. Ал 2014 жылдың 22 қазанынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болды.