Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады

Көркем Алдабергенова 20 мау. 2025 11:17

Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне Илон Маскқа саяси баспана беру туралы ресми сұрау түсті. Бұл туралы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Владислав Даванков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Меніңше, Илон Маск қателіктер жіберген шығар, бірақ ондай қателіктерді кешіре білу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, біз оны әрдайым қуана қарсы аламыз. Ол технологиялық дамуы мен болашақты болжау қабілеті жағынан өте ерекше тұлға", – деді депутат.

Маскқа нақты кім баспана сұрап өтініш жасағаны айтылмады. Бірақ Даванковтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің жауабы бір ай ішінде белгілі болады. Маск бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірмеді. Ресей СІМ де ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, осы айдың басында АҚШ президенті мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск арасында дау туындаған. Олар бірін-бірі айыптап, кейін татуласқан болатын.

Бұған дейін Ресей мен Иран Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменейге баспана беру туралы келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар