Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеушінің қызметі өсті

Сағыныш Сардарова 08 жел. 2025 12:03

Атырауда Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеушінің қызметі өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінде қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталды.
 
"Тергеу әрекеттерін сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды", - деп жазылған хабарламада.
Марапатқа себеп болған - 2024 жылы із-түссіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеті.
 
Тәртіп сақшылары бейнебақылау деректерін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашқан.
Қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар