Ішкі істер министрлігі Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын растады. Ол "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деп есептелген. Қазір Қасымбаев қамауда отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол 2024 жылғы 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Оған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және адам ұрлау бойынша күдік тағылған. Бұл қылмыс 2021 жылдың маусым айында болған. Кейін осы іс бойынша бес адам сотталып, жазаларын өтеу орындарына жіберілгені белгілі болды.
Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы - Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.
ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат Арман Алимовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.
Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері.
Ермұхамет Ертісбаев ағасы әкімдікте жұмыс істеген ауданда Хасан Қасымбаевтың табысқа қалай кенелгенін құқық қорғау органдары тексеруі керек деп мәлімдеді.