Ақтөбе облысында Хромтау ауданының әкімі Сағындық Шабықбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікке ілінді. Бүгін сот тыңдауы өтпек. Іс қысқартылған тәртіппен қаралады. Айыпталушыға Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасынан қорғаушы тағайындалды.
11 қарашада Шабықбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Сот оған екі айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Айта кетейік, Сағындық Шабықбаев 2023 жылы қыркүйекте Хромтау ауданының әкімі болып тағайындалды.
