"Хоргос" арқылы құны 2 млрд теңгеден асатын киік мүйізін әкетпек болғандар ұсталды

Сағыныш Сардарова 26 қаз. 2024 10:24 3882

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

17 қазанда "Хоргос" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп, елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар