Хасан Қасымбаевты сотта Шерзат ісімен белгілі болған адвокаттар қорғап жатыр

Көркем Алдабергенова 21 там. 2025 15:50

Хасан Қасымбаевты сотта Шерзат ісімен белгілі болған адвокаттар қорғап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Дархан Әскентайдың мүддесін қорғаған Маулен Ержанов және Тоқтаубаевтар ағайындыларының адвокаты Гүлмира Бабажанова.

Қоғамның назары Қасымбаевтың есімін бастапқыдан-ақ Шерзат Полатты өлтіру ісінің фигуранттарымен байланыстырған еді.

Хасан Қасымбаевтың жұбайы да пікір білдірді.

Зүлфия Қасымбаева күйеуіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Жолдасымның есімі аталып, бүкіл жағдай Шерзат ісінен басталды. Өзім де анамын, бала тәрбиелеп отырмын. Сондықтан Шерзаттың отбасына көңіл айтамын. Бірақ бүкіл Қазақстан Хасан Қасымбаевтың бұл іске қатысы жоқ екеніне көз жеткізді. Осы қаралу барысында әділдік салтанат құрады деп үміттенемін», – деді ол NEGE тілшісіне.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар