Хасан Қасымбаевқа қатысты сот қашан басталады?

Сағыныш Сардарова 13 там. 2025 12:50

Хасан Қасымбаевқа қатысты сот қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Талғар ауданы соты мәліметінше, Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша алғашқы тыңдау 20 тамызға белгіленген. Бұл іс Талғар аудандық сотында қаралады.

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қамауға алынған болатын. Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Арман Әлімовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылы маусымда болған. 

"Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар