Хасан Қасымбаев ісінен прокурор шеттетілді

Көркем Алдабергенова 20 там. 2025 17:13

Хасан Қасымбаев ісінде айыпталушылардың адвокаттары прокурорға қарсылық (отвод) жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғаушылардың айтуынша, прокурор Назгүл Тәукенбай бұған дейін бұл істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан.

Судья қарсылық жөніндегі өтінішті қарау үшін үзіліс жариялады.

Артынша Хасан Қасымбаев ісінен прокурор шеттетілді. 

Мемлекеттік айыптаушы Назгүл Тәукенбай істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезінде қатысқан. Сондықтан судья қорғау тарабының отвод жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.

Тәукенбай сот залынан шықты.

Бүгін Хасан Қасымбаевқа қатысты сот басталды. 

Бұл іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр.

Істі судья Айнагүл Түкібаева қарап жатыр. Айыпталушылар орындығында Хасан Қасымбаевтан бөлек тағы бес адам бар. Процесс мемлекеттік тілде ашық түрде өтіп жатыр.

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қамауға алынған болатын. Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Арман Әлімовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылы маусымда болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар