Freedom Inside '26

ХАМАС Газа секторындағы биліктен кететінін мәлімдеді

ХАМАС Газа секторындағы биліктен кететінін мәлімдеді
The insider

ХАМАС қозғалысы Газа секторындағы басқару өкілеттігін тоқтатуға ниетті екенін жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қозғалыс басшылығы АҚШ қолдауымен құрылған өтпелі әкімшілікті анклавқа келіп, мемлекеттік басқару жүйесін толық өз бақылауына алуға шақырды.

Сонымен қатар, ХАМАС-тың қарулы жасақтары Израиль әскері Газа секторы аумағының 60 пайыздан астамын бақылауда ұстап тұрған жағдайда қаруын тапсыруға келіспейтінін мәлімдеді. Қозғалыс жаңа әкімшілік келгенге дейін барлық мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтап қалуды да талап етіп отыр.

Ал Бейбітшілік кеңесі ХАМАС-тың бұл мәлімдемесіне әзірге ұстамды реакция танытты. Өз кезегінде АҚШ ХАМАС-тың барлық қарулы құрылымдарын толық тарату қажет деген ұстанымынан айнымаған.