Халық банк қосымшасы істемей тұр

Көркем Алдабергенова 05 қаң. 2026 14:17

Халық банк қосымшасы істемей тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақау банктің мобильді қосымшасында шыққан. Қазақстандықтар банк қосымшасын кіре алмай, операцияларды орындай алмай отыр. 

Бұл жағдайға қатысты банк өкілдері пікір білдірген. 

"Halyk SuperApp-та техникалық жұмыстар жүргізілуде. Біздің мамандар қызметтерді қалпына келтіру үстінде. Түсіністік танытқаныңыз үшін рақмет!", делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Отбасы банк қосымшалары да істемей тұрғанын хабарлаған едік. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар