Қазақстандықтар Отбасы банк қызметтерінің қолжетімсіз екеніне шағымдануда. Олардың айтуынша, банктің мобильді қосымшасы мен «Баспана маркет» платформасы жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Банк қосымшасының шынымен де уақытша істемей тұр. Көрсетілген себеп – техникалық жұмыстардың жүргізілуі.
Сонымен қатар «Баспана маркет» платформасы да қолжетімсіз. Бұл сервисте де техникалық жұмыстар атқарылып жатқаны хабарланған.
"Техникалық жұмыстар жүргізілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.
Кейбір қазақстандықтардың айтуынша, Отбасы банктегі ақау 1 қаңтардан бері жалғасып келеді. Алғашында қолданушыларға сервистердің уақытша қолжетімсіз екені туралы хабарлама шыққан. Кейінірек техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде ескерту пайда болған.
Бұл жағдайға қатысты банк өкілдері пікір білдірген. Қазіргі уақытта банктік сервистер бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл процесс жоспарланғаннан ұзағырақ уақытты алды.
"Өкінішке қарай, уақытша түрде банк бөлімшелерінде, Баспана маркет платформасында және мобильді қосымшада операциялар қолжетімсіз. Сондай-ақ байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді.
Біздің мамандар барлық жүйелер мен банктік операциялардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты режимде жұмыс істеуі және клиенттердің банк қызметтерін толық пайдалана алуы үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз сіздерді үнемі хабардар етіп отырамыз және барлық сервистер қайта іске қосылған сәтте міндетті түрде хабарлаймыз", делінген хабарламада.
