Әзірбайжанның жоғарғы билігіндегі жемқорлықты әшкерелеген мақалаларымен танылған Хадиджа Исмайлова сөз бостандығына қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның Гильермо Кано халықаралық сыйлығының биылғы иегері атанды.
Мәртебелі сыйлықтың президенті Лилиана Зуровач: "Хадиджа Исмайлова бұл сыйлыққа әбден лайық және мен оның кәсіпқойлығы мен ерлігінің осылай еленгеніне қуаныштымын", – деп мәлімдеді.
ЮНЕСКО сыйлығы өз еліндегі есірткі картельдері туралы жазғаны үшін 1986 жылы Боготада кісі қолынан өлген колумбиялық журналист Гильермо Каноның атында. 2007 жылы бұл сыйлық қаза тапқан ресейлік журналист Анна Политковскаяға берілді.
Свобода Радиосымен әріптес болған Хадиджа Исмайлова Әзірбайжанда ақша жымқырды және салықтан жалтарды деген айыппен түрмеде отыр. Көпшілігі журналист үкіметтегі жоғары лауазымды тұлғалардың жемқорлықтарын әшкерелеген мақалалары үшін қудаланды деп санайды.