Энергетика министрлігінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдері вице-министрден ведомство атом энергетикасы саласындағы кадрлар тапшылығы мәселесін қалай шешіп жатқанын сұрады. Нұрмағанбетов елімізде АЭС салынатынына немесе салынбайтынына қарамастан кадрлар даярланып жатқанын айтты.
"Қазақстан – уран державасы, яғни біз уран өндіреміз, бізде атом реакторлары, ядролық медицина бар. Бізде Алматыда, Курчатовта жұмыс істейтін институттар бар, онда атом саласында жұмыс істейтін, яғни байыту мәселелерімен айналысатын адамдар көп. Сондықтан атом электр станциясы салынса да, салынбаса да, бізге мамандар қажет, кадрларды даярлау жүріп жатыр", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, вице-минтстр Қазақстанда бірнеше елдермен – Ресей, Корея және Венгриямен тиісті келісімдерге қол қойылғанын атап өтті.
"Атом электр станциясын салу кезінде шетелдіктерді тарту мәселесіне келсек, әрине онсыз болмайды. Өйткені реакторларды жүргізу тәжірибесі санаулы елдерде бар, сондықтан бірінші кезеңде құрылыс салушы жергілікті кадрларды оқытуды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді", - деді ол.