Шулы жол апатына қатысты сотталушы Әділетхан Молдаханнан зардап шеккен тарап өкілдері кешірім бермеген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Журналист Руслан Өтепбайдың сот ғимаратынан таратқан ақпаратына сәйкес, сот отырысы алдында ол жәбірленуші тараптың қорғаушысынан Ұзабаевтар мен Шумаевтар отбасы Әділетхан Молдаханды кешірді ме деген сұрақ қойған.
«Жоқ, кешірім берген жоқ», – деп жауап берген қорғаушы.
Сондай-ақ қорғаушы бүгін үкім шығуы мүмкін бе деген сұраққа:
«Ол тек соттың құзырында. Бірақ мүмкін», – деген.
Кейін Руслан Өтепбай Әділетхан Молдаханға қатысты сот процесі бүгін өтуі тиіс болғанымен, өзіне белгісіз себептермен сот отырысы келесі күнге шегерілгенін хабарлады.
Еске салайық, атышулы жол-көлік оқиғасынан кейін қызметінен кеткен мемлекеттік қызметкерлер Ұзабаев пен Шумаевтың отбасы осы іс бойынша жәбірленуші тарап ретінде танылған.