Ұйғыр ауданына көкөніс пен жүгерінің өңдейтін кәсіпорын керек – Марат Сұлтанғазиев

Dalanews 12 қаз. 2022 12:00 1056

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы  облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықпен дидарласқан өңір басшысы аймақтың дамуына көз жүгіртіп, жекелеген салалардағы түйіткілдер туралы да тарқатып айтты. Ұйғыр ауданы облыс бойынша жүгері, жеміс-жидек, құс етін өндірудің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Сәйкесінше, облыс экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы, аудан жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Бірақ, облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жекелеген салаларда бірқатар мәселелер туындауда. Бұл туралы Марат Елеусізұлы өз сөзінде тілге тиек етті.

Ұйғыр ауданы облыста ауыл шаруашлыығы дақылдарының жалпы егіс көлемі бойынша 9-шы орында тұр. Ауданның барлық егістік алқаптарының үштен бірін жүгері өсіруге  тиесілі. Аталған дақылдан алынатын өнім көлемі 83 мың тоннаны құрады.

– Ұйғыр ауданы барлық облыс көлемінде өсірілетін жүгерінің төрттен бір бөлігін береді және облыс бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан кейін екінші орынды алады Бұл жақсы көрсеткіш, – деп астын сызып айтып өтті облыс әкімі.


Өңір басшысы жүгері өсіруде үздік болған ауданда оны өңдейтін кәсіпорынның жоқтығы басты мәселе екенін де жасырмай айтты. Расында Қарадала жерінде жүгеріні өңдеу ісі жолға қойылмаған.

– Біз агроөнеркәсіп кешені өнімдерін қайта өңдеуді дамыту туралы айтып отырмыз және бұл сала әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған. Бұл мәселені шешу керек, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Жүгері өсірумен қатар Ұйғыр ауданы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді өсіру бойынша облыс көлемінде екінші орынды алады, олардың алқабы 4 мың гектарға жетіп жығылады.

Қуантарлығы жеміс-жидекті өңдейтін кәсіпорын бар. Аймақтағы ірі өндіруші – «Шонжы Агро» ЖШС осы іспен айналысады, ол 500 гектар жерде өрік, шабдалы, қара өрік және шие өсіреді.

Сонымен қатар, қайта өңдеумен жылына 1,4 мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы «Agro Processing» фирмасы ден қойған еді. Өкінішке орай, сол кәсіпорын бүгінде тоқтап тұр.

Облыс әкімі осының бәрін назарға алып, ауданның жеміс-жидек дақылдары бойынша әлеуеті зор, инвесторларды тарта отырып, оларды қайта өңдеуді дамыту қажеттігін тапсырды.


Ауданда аста-төк жеміс-жидек жиналғанымен оны сақтайтын орын тапшы. Мұндағы жалпы сыйымдылығы 120 тонна болатын екі көкөніс сақтау қоймасы жиналған өнімнің тек 0,2%-ын ғана сақтай алады. Одан бөлек бір қойма апатты жағдайда, күрделі жөндеуді талап етеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар