Ұсталған шенеуніктің орнына жаңа көлік вице-министрі келді

Сағыныш Сардарова 06 қыр. 2025 14:00

Жәнібек Тайжанов көлік вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жәнібек Жұмаұлы Тайжанов көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ол 1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК филиалдарында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаменті директоры.

2019-2022 жылдары – ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2022-2024 жылдары – "Қазақстан темір жолы" ҰК "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының бірінші орынбасары, бас директор - басқарма төрағасы. 

2024 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасы қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар