Ұшақта қызметкерлерге күш қолданған әйелге сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 31 жел. 2025 09:20

Сот Астана – Новосибирск бағытындағы әуе рейсінің жолаушысын бортсеріктерге күш қолданғаны үшін кінәлі деп танып, оған 4 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әйел адам "денсаулыққа зиян келтірмей күш қолдану арқылы жасалған бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сот дерегіне сүйенсек, жанжал рейстегі қызмет көрсетуге көңілі толмаудан туындаған. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған және еркіндіктен айырмауды өтінген.

Сонымен қатар сот оның мәжбүрлеп наркологиялық ем қабылдауын міндеттеп, екі жәбірленушіге моральдық зиян үшін 2 млн теңге өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін әуе компаниясы 20 қазанда Qazaq Air рейсінде болған оқиға туралы хабарлаған еді. Мәліметке сәйкес, мас күйінде болған жолаушыға қосымша алкогольді сусын сатудан бас тартылғаннан кейін ол бортсеріктерге қол көтерген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар