Ұшақта жанжал шығарған: Анталиядан Астанаға ұшқан жолаушы қамауға алынды

Ұшақта жанжал шығарған: Анталиядан Астанаға ұшқан жолаушы қамауға алынды
Фото: ЖИ

Анталиядан Астанаға бағыт алған ұшақ бортында тәртіп бұзған жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Белгілі болғандай, рейс кезінде алкогольдік ішімдік ішкен ер адам өзін агрессивті ұстап, былапыт сөздер айтқан. Сондай-ақ оның әрекеті өзге жолаушыларға кедергі келтірген.

Ұшақ Астана әуежайына қонғаннан кейін экипаж 44 жастағы жолаушыны көлік полициясының қызметкерлеріне тапсырған. Алайда ер адам әуежайда да тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Нәтижесінде Астана тұрғынының әрекетіне құқықтық баға беріліп, сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.