Үржарлық кәсіпкер Алакөлде ерекше қалашық салуда. Ол шілдеде ашылады

Dalanews 13 мау. 2020 08:02 926

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі және бірегейі - ашық аспан астындағы ALAZONE ARENA.

Сыйымдылығы 3,5 адамды қамтитын арена Юрмала қалашығының үлгісімен салынбақ. Мұнда сахна, қонақ үй, қойма, ас үй, би алаңы, VIP терасса, балалар алаңы, бар зонасы, касса, автотұрақ, көрермен алаңы, караоке, жасыл газон, демалу аймағы болады.



- Облыс әкімінің бастамасымен инвестор ретінде сәуір айында жобаны бастадық. Мақсатымыз- Алакөлдегі туризм деңгейін көтеріп, демалушылар ағынын көбейту. Жоба 2 жылға созылған.



Алайда негізгі жұмыстарды аяқтап, шілде айының ортасында ашылып, демалушыларды қабылдаймыз деген жоспар бар,- дейді ALAZONE ARENA директоры Арман Ахметқанов.



Жобаны жүзеге асыру үшін инвестор өз қалтасынан 300 млн теңге жұмсап отыр. Дегенмен инвесторға мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілген. Инвесторлар ALAZONE ARENA жобасы алдағы 3-4 жылда өзінің шығынын ақтайды деген ойда.



- Әр нәрсеге инвестиция салғаннан кейін шығынды ақтау жағын ойлаймыз ғой енді. Алдағы 3-4 жылда жоба өзін өзі аяқтайды деген ойдамыз. Биыл коронавирус сияқты індет кедергі болмаса, еңбегіміздің жемісін көретін шығармыз,- дейді Арман Ахметқанов.





Дереккөз: altaynews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар