ҰҚК Ұлытау облысында жоғары лауазымды шенеуніктерді ұстады деген ақпарат тарады

ҰҚК Ұлытау облысында жоғары лауазымды шенеуніктерді ұстады деген ақпарат тарады
gosrating арнасы

Ұлытау облысында Көліктік бақылау инспекциясының басшысы мен қызметкерлері ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz gosrating арнасына сілтеп.

Арна мәліметінше, "Ұлытау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жоғары лауазымды қызметкері мен инспекция басшысы Темірлан Мұқышов жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталған".

"Алдын ала мәлімет бойынша оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстаған. Олар жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген", - деп жазылған мәліметте.

Әзірге құзырлы органдар бұл жайтқа қатысты ресми пікір білдірмеді.