ҰҚК Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Dalanews 09 нау. 2018 07:35 884

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"2018 жылғы 8 наурызда 19 сағат 20 минут шамасында 1966 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тумасы Мұхтар Әбіләзовтің тапсырысы бойынша "Тұран Әлем Банкі" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы  Ержан Тәтішевті  қасақана өлтірді деген күдікті Мұратхан Шакерханұлы Тоқмади Жамбыл облыстық ауруханасы мекемесінен қашу әрекетін жасады", -  делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, cот процесі кезінде қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот Мұратхан Тоқмәди денсаулығының нашарлығына шағым айтып осы орайда уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде Мұратхан Тоқмади Тараз қаласының жағдайында жедел ұсталып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 (Жамбыл облыстық ІІД Тергеу изоляторы) мекемесіне қамалды. Қазіргі кезде М.Ш. Тоқмадидің қашуына ықпал еткен жағдайлар мен себептер анықталып жатыр", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Осыған дейін бизнесменнің ұсталғаны жайлы мәлімет таралған еді. Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растаған болатын.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды. Ал кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған-ды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар