ҰҚК жаңа қызметінің басшысы тағайындалды

Сағыныш Сардарова 08 шіл. 2025 17:28

Нұржан Құсайынов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Антикор мен ҰҚК біріктірілетіні белгілі болды. Президент "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды:

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын.
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – қызмет) құрылсын.
  • Қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар