ҰҚК Жамбыл облысында екі адамды ұстады

Сағыныш Сардарова 11 қар. 2024 10:29 59260

ҰҚК Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандар мен сатқандарды құрықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҰҚК мәліметінше, биыл қазанда ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.

"Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында полиция есірткі зертханасын жойған болатын.

“Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шара барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесағаш ауылының маңында психотроптық заттарды заңсыз өндірді деген күдіктіні ұстады. Полиция тоқтатқан көлікті тексеру барысында жолаушылар орындығында 22 жастағы ер адам болған.

Жеке тінту барысында одан ерекше иісі, ұнтақ заты бар қара полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Психотроптық заттарды заңсыз дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар