ҰҚК екі айда 201 жемқорлық дерегін анықтады: 110 іс сотқа жолданды

ҰҚК екі айда 201 жемқорлық дерегін анықтады: 110 іс сотқа жолданды
ЖИ: Dalanews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2026 жылдың шілде және тамыз айларында 201 жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңге болған. Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлық, бюджет қаражатын жымқыру, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану фактілерімен байланысты.

Қылмыстық істер аясында 140 адам күдікті деп танылған. Екі ай ішінде 126 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, олардың 110-ы сотқа жолданған.