Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҰҚК мәліметінше, кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен аса адам ұсталған.
"Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 атыс қаруы және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ, ақша тәркіленді. Соталды тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

