Ресми Дели Украинаға соғыс ашқан Кремль алдағы уақытта Үндістанның қорғаныс саласына қатысты тапсырысын орындай алмай қалуы мүмкін екенін ескеріп, келіссөздерді тоқтатқандарын хабарлаған. Келіссөздер сәтті өтіп, келсімшартқа қол қойғанның өзінде санкцияға байланысты төлем жасауда түйіткілді мәселелер туындауы мүмкін. Сондықтан Үндістан келіссөздерді тоқтатқанды жөн деп санаған.
Кейбір дерек көздері Ресейдің Орталық банкі рубль мен рупий бойынша төлем жүргізуге талпынып көрген. Бірақ олардың бұл әрекетінен түк шықпағаны анық.
Ал DefenseNews басылымы Үндістанның келіссөзді тоқтатуына халықаралық қысымдар әсер еткенін айтуда. Бүгінде Үндістан Ресейдің Украина жеріне басып кіруіне қатысты бейтарап позиция ұстанып отырғаны белгілі.
Осыған дейін АҚШ Үндістанға Ресеймен арадағы байланыстардың бәрін үзіп, Құрама Шататтармен стратегиялық әріптестік орнатуға шақырған болатын. Ендігі жерде Үндістан АҚШ-тың ұсынысын басшылыққа алып, Ресеймен біртіндеп, байланысын үзуі бек мүмкін.
Тағы оықыңыз:
https://dalanews.kz/del-qazir/76916-nygmatulinning-uly-qyzmetinen-ketti
https://dalanews.kz/news/76730-koshede-kokpar-tartqandar-10-kunge-qamal