Үміткер: «Әрбір саяси науқан халық пен «Nur Otan» партиясының арасын жақындата түседі»

Dalanews 04 қаң. 2021 14:56 969

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру жұмыстары қызу жүруде. Айталық, Аққулы ауданында да үміткер-кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласуда. Павлодар облыстық мәслихатына үміткер-кандидат Дулат Абетжанов «Жамбыл» бастауыш партия ұйымының мүшлерімен онлайн кездесу өткізіп, саяси ұйымының сайлауалды бағдарламасын талқылап, әріптестерінің дем беріп, алдағы сайлауды абыроймен өткізуге шақырды.  

Бүгінде «Nur Otan» партиясы халықтық партия екенін әркез дәлелдеп келеді. Әсіресе, елдің басына қиындық туғанда алғашқылардың бірі болып, халықтың жанынан табылды. Бұған пандемия кезінде жұрттың көзі анық жетті. Осылайша «Nur Otan» партиясы халықтың ыстық ықыласына бөленіп, айрықша қолдауына ие болуда. Алдағы сайлау халық пен бас партияның арасын тағы да жақындада түсетіні анық.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы басшылық етіп отырған саяси ұйым елдің дамуына да ерекше атсалысып келеді. Оны алысқа бармай-ақ ауданымыздың күн санап көркейіп келе жатқанынан аңғаруға болады. Өз басым «Nur Otan» партиясы құрылған күннен бастап мүше болып келемін. Осы уақыт аралығында көптеген саяси, мәдени, партиялық іс-шаралардың белсене қатыстым. Алдағы сайлау бізді одан сайын шынықтырып, халыққа жақындада түсетіне сенімдімін. Біздер әрбір сайлау сайын алға қадам басып, ортақ Отанымыз Қазақстан өркендетіп келеміз, – деп  Дулат Ермекұлы партиялас әріптестерінің қайрат-жігерін жаныды.


Расында да Дулат Ермекұлы халық сенім білдірген депутат ретінде мониторинг топтары құрамында болып, аудандағы әлеуметтік нысандар құрылысы, күрделі жөндеу  жұмыстарының сапасы тексеріп, халық арасында «Nur Otan» партиясының беделінің өсуіне барынша ықпал еткен болатын.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар