Бағдарлама бизнестегі көшбасшы әйелдерді дамытуға, қазақстандық әйел кәсіпкерлердің әлеуетін ашуға және олардың бизнес стратегияларын кеңейтуге бағытталған.
Umay Boost - бұл толықтай өндірістен тыс өткізілетін 4-күндік модульден тұратын үш айлық білім алу сапары (көшбасшылық, бизнес ойлауды кеңейту, энергияны басқару тақырыбындағы 3 трансформациялық модуль).
Жоба өзінің ерекше көшбасшылық жолын дамытқысы келетін, өзінің дағдыларын, таланттарын, мүдделерін жинақтап, іскерлік әлемде өзін-өзі тану үшін әдіснамалық және жүйелік білім алғысы келетін, сондай-ақ қалыптасқан операциялық тәртіпке шет көзбен қарап келесі 3 жылға бизнесті дамытуды жоспарлағысы келетін әйелдерге арналған.
Umay Boost Қазақстанда «Шеврон» компаниясының қолдауымен әлеуметтік сипатта жүргізіледі: әйелдер конкурстық іріктеуден өткеннен кейін тегін қатысады.
Оқу бағдарламасының алғашқы ағымы 2019 жылдың сәуір-мамыр айларында өтті. Жобаға әртүрлі кәсіпкерлік саладан барлығы 16 кәсіпкер әйел қатысты. Оқу барысында олар өздерінің жеке бизнес стратегияларын дайындады және игерген әдістер мен құралдарын өз кәсіпорындарында қолдана бастады.
«Бағдарлама кәсіпкерлерге жаңа деңгейге өтіп, компанияның мақсаттарын анықтауға, бизнес-модель құруға көмектеседі. Шәкірттер - менеджерлер мен бизнес иелері - дәл осы мақсатта осы жерге жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін келді. Бағдарламаға қатыса отырып, біз білім алдық және алған біліміміздің нәтижесі өз қолымызда деп ойлаймын», - дейді Майра Карыбаева, бірінші ағынның шәкірті, «12 месяцев» дүкенінің директоры.
Жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеке меншік кәсіпорындардың иелері мен басшылары қатыса алады.
P.S. Қатысу және іріктеу шарттары және бағдарламаның бірінші ағым нәтижелері туралы жобаның ресми сайтынан - boost.umay.be толығырақ оқыңыз.