Ұлттық банк доллар бағамының неге төмендегенін түсіндірді

Ұлттық банк доллар бағамының неге төмендегенін түсіндірді
ЖИ: Dalanews.kz

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда 4,6 пайызға нығайып, бір доллардың құны 440,49 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Реттеушінің дерегінше, қыркүйекте Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда көлемі 10,4 млрд долларға жеткен. Ал Ұлттық қордан сатылған валюта көлемі 200 млн долларды құрады. Ұлттық банк бұл кезеңде валюта нарығына интервенция жасалмағанын атап өтті.

«Алдағы уақытта теңге бағамының қозғалысына салық төлемдері кезеңі, әлемдік нарықтағы жағдай және геосаяси факторлар әсер етеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қыркүйек айында алтынды айналы операциялары аясында 374 млрд теңге көлеміндегі өтімділік нарықтан шығарылған. Ал жылдың төртінші тоқсанында шамамен 907 млрд теңгеге баламалы шетел валютасын сату жоспарланып отыр.

Ұлттық банк алдағы уақытта да икемді айырбас бағамы саясатын ұстанатынын мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, бұл тәсіл нарықтағы алыпсатарлықтың әсерінен болатын күрт ауытқулардың алдын алып, елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді.