Іс-шараның мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, республикалық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.
Жарысқа 130 мектептен I, II, III-кезеңдеріне 40 мың оқушы қатысты. Спорттық додада алғашқылардың бірі болып 5-6 сыныптар арасындағы баскетбол ойынының чемпиондары марапатталды. Қыздар арасында №86 мектеп шәкірттері, ұлдар арасында №107 мектеп оқушылары Талдықорған қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.
Финал 15 мамырға дейін жалғасады.