Ұлттық киноны қолдау орталығы киножобаларға байқау жариялайды!

Жарбол Кентұлы 16 сәу. 2024 10:42 1057

Ұлттық киноны қолдау орталығы 2024 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезең – фильмдердің сценарийін немесе сценарий жоспарларын қаралады.

Ал екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжаттарын жинақтау жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Орталыққа электронды түрде сценарийлерді қарауға өтінімді, PDF форматында сценарийлерді, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі мен авторлық шартты, өтініш беруші мен сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты жіберуі қажет.

Өтініш беруші фильмнің әр түрі, ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі-хроникалы фильмдер бойынша тек 2 сценарий ұсына алады.

Құжаттар орталықтың kazakhcinema.kz сайты арқылы 12 сәуір мен 18 сәуір күндері, сағат 18:00 дейін қабылданады.

Орталық құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді.

Айта кетейік, конкурстық іріктеуге қатысу құқығына ие болу үшін үміткерлердің салық берешегінің болмауы, банкроттық рәсімге тартылмауы маңызды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x