"Мөлдір пышақ сұқты": Баян Алагөзова шәкіртінің сатқындығы туралы ашық айтты (ВИДЕО)

"Мөлдір пышақ сұқты": Баян Алагөзова шәкіртінің сатқындығы туралы ашық айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Продюсер Баян Алагөзова көпшілік арасында жылдар бойы айтылып келе жатқан әпкесі Бағым Мақсатқызы мен KeshYou тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, бұл жағдай уақыт өтсе де Бағым Мақсатқызының жадынан өшпеген, отбасына ауыр тиген оқиғалардың бірі болған. Баян Алагөзова нақты есімдерді ашып айтпағанымен, бұған дейін бұл жанжалдың Мөлдір Әуелбековамен байланысты екенін меңзеген еді. Айтуынша, Бағым оны өзіне жақын тартып, шәкірті әрі сенімді адамы ретінде қабылдаған.

Бағым Мақсатқызы да 2017 жылы берген сұхбатында сол кезеңнің өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын жасырмаған. Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін ол жұбайынан төрт жыл бойы бөлек тұрған.

"Бұл кешірілмейтін, адамшылыққа жат әрекет болды. Қазір отбасымызда бәрі жақсы. Бірақ кейбір нәрсені ұмыту мүмкін емес. Мен Құдай емеспін, бәрін кешіре алмаймын", – деген еді Бағым Мақсатқызы.

Баян Алагөзованың айтуынша, арада қанша жыл өтсе де, мұндай жағдай адамның жүрегінде із қалдырады. Ол әпкесінің сол кезде үлкен күйзелісті бастан кешкенін айтып, бұл оқиғаның отбасылық өмірге де, жақын адамдарға деген сенімге де әсер еткенін жеткізді.