"Өзімнен 25 жас кіші": Танымал актер жас қызбен отау құрғанын сүйіншіледі (ФОТО)

"Өзімнен 25 жас кіші": Танымал актер жас қызбен отау құрғанын сүйіншіледі (ФОТО)
ашық дереккөзден

"Бизнес по-казахски" фильмі арқылы көпшілікке танылған актер Қажет Смағұл жеке өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісіп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Өнер иесі өзінен едәуір жас арумен некесін қидырғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Актер бұл туралы Threads және Instagram парақшаларында жазба жариялап, мешіт алдында түскен суреттерін бөлісті. Фотолардан жұптың мұсылмандық неке қию рәсімінен өткенін және арнайы куәлік алғанын байқауға болады.

Қажет Смағұл таңдаған жарымен арадағы жас айырмашылығын да жасырмады. Ол жазбасында сүйіктісінің өзінен 25 жас кіші екенін ашық айтып, қазіргі көңіл күйін әсерлі жеткізді.

"Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші… Жүрегім тыныш… көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын…", – деп жазды актер.

Дегенмен өнер иесі қалыңдығының кім екенін әзірге жария етпеуді жөн көрген. Ол суреттерде жұбайының жүзін смайликпен жауып, жеке өміріндегі бұл жаңалықтың кей тұстарын құпия қалдырды.

Актердің бұл жазбасы әлеуметтік желіде бірден тарап, оқырмандар арасында түрлі пікір тудырды. Бірі жұпқа бақыт тілесе, енді бірі жас айырмашылығына қатысты ойларын білдіріп жатыр.