Маңғыстауда иек астындағы майды алдыруға барған депутат көз жұмды: әйелі шындықты талап етіп отыр

Маңғыстауда иек астындағы майды алдыруға барған депутат көз жұмды: әйелі шындықты талап етіп отыр
instagram.com/mangystau_maslikhat

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне байланысты жұбайы Лаура Айтуова шындықты талап етіп отыр, деп хабарлайды dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп.

Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отырған. Үлкені 12 жаста, ортаншысы 9 жаста, ал кенже қызы небәрі 4 жаста. Анасының айтуынша, балалар әлі күнге дейін әкесі үйге оралатынына сенеді.

"Қызымызға әлі ештеңе айтқан жоқпыз. Күн сайын жылап, "Әкем ауруханадан қашан келеді?" деп сұрайды. Күтіп жүр. Үлкен ұлым тұйықталып кетті. Түнде көрпенің астына кіріп алып жылайды. Ортаншы баламыз да қатты күйзеліп жүр", - дейді Лаура Айтуова.

Марқұмның жұбайы клиника өкілдері әлі күнге дейін кешірім сұрамағанын да айтты.

"Ақтауда мұндай ота тек "Қасиет" клиникасында жасалатындықтан, жолдасым сол жерді таңдады. Қазір мен үшін ең маңыздысы - оның неден және қалай қайтыс болғанын білу. Маған шындық керек", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін көз жұмғаны хабарланды.