ҚР Ұлттық банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның төртеуі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.
2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
- 17 қаңтар
- 7 наурыз
- 11 сәуір
- 5 маусым
- 11 шілде
- 29 тамыз
- 10 қазан
- 28 қараша.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", делінген ҚР Ұлттық банкі хабарламасында
Айта кетсек, Ұлттық банк алдында базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша шешімін 2024 жылғы 11 қазанда жариялаған болатын.