Ұлттық араздық бабы: блогерлер ісі ауырлай түсті

Самал Асқар 11 ақп. 2026 13:28

Алматыда стрим кезінде қазақстандық қыздарға қатысты бейәдеп әрі қорлайтын сөз айтқан Ресей азаматтары – Ринат Пашаев пен Анар Абдуллаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалу мәселесі қаралуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін сот оларды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алған. Алайда резонанс мұнымен шектелмеді.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәлімдеуінше, аталған блогерлердің әрекетіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру бойынша құқықтық баға берілуде. Қазіргі таңда материалдар ішкі істер органдарының өндірісінде.

174-бап бойынша кінә дәлелденсе, айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Осылайша, бастапқыда әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қаралған оқиға енді қылмыстық жауапкершілік деңгейіне өтуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove