Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

Жарбол Кентұлы 06 қаз. 2024 08:32 1032

Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден астам тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек, – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.

Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдауда.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар