Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: күдікті сотта кінәсін толық мойындады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: күдікті сотта кінәсін толық мойындады

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апатына қатысты іс бойынша күдікті Александр Пак өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Процеске онлайн форматта қатысқан Александр Пак кінәсін толық мойындайтынын айтты.

– Кінәмді толық мойындаймын. Жол-көлік оқиғасы бойынша да, қаза тапқандар бойынша да, – деді ол.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз көз жұмды.

Ал Zeekr көлігін басқарған жүргізуші мас күйде болғаны анықталған.