Елде 12 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді

Елде 12 мыңнан астам балабақша жұмыс істейді
Фото: lada.kz

Қазақстанда бүгінде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – жекеменшік балабақшалар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Үкіметтің Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жариялаған баяндамасына сәйкес, елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 6,6 мыңы жекеменшік болса, 5,3 мыңы мемлекеттік мекемелер саналады.

Қазіргі таңда балабақшаларда 1 миллионға жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 70 пайызға жеткен.

Үкімет мәліметінше, мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту және балаларды балабақшамен қамту көрсеткішін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.