Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апатына байланысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Күдікті Александр Пак сот залына келмеді. Ол онлайн қатысып отыр. Себебі судья алдын ала тыңдауда тараптардың өтініші бойынша процесті гибрид форматта өткізу туралы шешім шығарған болатын.
Сонымен қатар, жәбірленуші тарап та процеске онлайн қатысып отыр.
Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз көз жұмды.
Ал Zeekr көлігін басқарған жүргізуші мас күйде болғаны анықталған.
Айта кетейік, Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойына арнайы жол қоршауларын орнату туралы петицияжарияланған болатын. Құжат Алматы қаласы әкімінің аппаратына жолданған.