БАҚ-та Ұлытау облысында бірден 40 дәрігер қызметінен босатылатыны туралы ақпарат тарады
«Аудандық аурухананы зейнеткерлер басып алған» – деп дабыл қаққан Ұлытау облысының тұрғындары медициналық қызмет сапасына наразы.
Халық дәрігерге қаралу түгілі, ауруханаға баруға қорқады. Өйткені соңғы бірнеше айда соқыршек диагнозымен түскен үш бірдей науқас қайтыс болған.